Елордада Бірыңғай төлем құжатымен төлем жасауға арналған жаңа кассалар ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада халыққа қызмет көрсету сапасы мен жеделдігін арттыру мақсатында «Астанаэнергосбыт» ЖШС сервистік орталықтарында Бірыңғай төлем құжаты (БТҚ) бойынша төлемдерді қабылдайтын қосымша 6 касса ашылды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.