Астанада боран салдарынан әуе рейстері кешігіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дәл қазір Астанадағы қатты жел салдарынан «Астана халықаралық әуежайына ұшып келетін 10 рейс, ұшып шығатын 8 рейс кешігуде. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне «Астана халықаралық әуежайы» АҚ-ның маркетинг және қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Людмила Копейчук мәлім етті.