ДЕНСАУЛЫҚ: Лиомон қалай тісті ағартады?
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лимон қосылған шәй тұмау тигенде, тыныс алу жолдары қабынғанда, өте жақсы көмек береді. Шөлді қандырып қана қоймай, жүйке жұмысын реттеп, қан қысымын төмендетіп, қан жолдарын тазалап, ревматизмді жазуға көмек береді. Тісті ағарту үшін тіс пастасына лимон шырынын екі тамшысын қоссаңыз жетіп жатыр. Тісті ағартып қана қоймай қызыл иектің қанауын мен қабынуын төмендетеді. Уланғанда шырынын жылы суға салып, ішсе, токсиндерді шығарады.