БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстан ұсынған Ядролық қарудан азат әлемді құру туралы декларацияны бекітті
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы 7 желтоқсанда Нью-Йорк қаласында өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының пленарлық отырысында Қазақстан тарапы бастамашылық еткен Ядролық қарудан азат әлемді құру туралы жалпыға бірдей декларация бекітілген болатын. Түрлі құрлықтар мен өңірлік топтар атынан өкілдік еткен 35 мемлекет - тиісті қарардың тең авторы, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.