Дүйсенбіде елімізде жауын-шашынды ауа райы сақталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 тамыз, дүйсенбі күні атмосфералық тұтас бұлттардың келуімен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады. Қатты жел тұрып, оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін. Түнде және таңертең солтүстік өңірлерде тұман түседі деп күтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.