Алматы облысында көлігімен адам қағып өлтіріп, қашып кеткен күдікті ұсталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Райымбек ауданының Жалаңаш ауылы маңында жаяу жүргіншіні көлігімен қағып, оқиға орнынынан қашып кеткен күдікті ұсталды. Қазір Алматы қаласының 52 жастағы тұрғынының үстінен Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалып, тергеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.