ШҚО-да үлкен көне шаһардың орны табылды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бесқарағай ауданының Жетіжар ауылы маңында ежелгі қаланың орны табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат altaynews.kz сілтеме жасап. «Тарихы терең туған жер» ғылыми-тәжірибелік конференциясында павлодарлық археолог Виктор Мерц осындай жаңалықпен бөлісті.