Шетелдік журналистер Қазақстан мәдениетімен танысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениеттің жетістіктерімен танысу үшін Қазақстанға шетелдік журналистер тобы келді. Сыртқы істер министрлігі мен Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған апталық баспасөз туры барысында журналистер Астана, Алматы, Шымкент пен Түркістанға барып келді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.