ШҚО-да сыныптың төбесіндегі сылақ құлады: үш оқушының миы шайқалып, бірінің қолы сынған
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО білім басқармасы Шемонаиха ауданындағы мектепте сыныптың төбесіндегі сылақ құлауы салдарынан жарақат алған оқушылардың жағдайы бірқалыпты екендігін хабарлады. Қазіргі таңда олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.