Алматыда әуесқойлар «Метеор» жарысында жеңіл атлетикадан өзара бақ сынасты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Almaty Arena стадионында Қазақстанда алғаш рет «Метеор» атты жүгіру жобасы іске қосылды. Әуесқойлар 400 м, 800 м, 1500 м немесе 3000 м қашықтықтарда және 4-те 400 эстафетасында немесе аралас командалар құрамындағы «Швед Эстафетасында» бақ сынасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ақпараттық спорт хабіне сілтеме жасап.