Brent мұнайының бағасы соңғы екі жылда алғаш рет 62 доллардан асты
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың қаңтарында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері Лондондағы ICE биржасында өткен сауда-саттықта 2,2 пайызға көтеріліп, бір баррелі үшін 62,07 долларды құрады. Бұл туралы сауда-саттық мәліметтеріне сүйеніп, ТАСС агенттігі хабарлады.