Үш тілділікті енгізудің негізгі мәні қазақ тілінде болып отыр - Е. Сағадиев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мектептерде үш тілде білім беру жүйесін енгізудің негізгі мәні қазақ тілінде болып отыр. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев осылай мәлім етті.