«Сарыағаш» минералды суы шетел нарығына шығарылмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстіктің бренді саналатын «Сарыағаш» минералды ауызсуы шетел нарығына шығарылатын болды. Өңірдегі жерасты суын өндіретін кәсіпорын мемлекеттен төмен пайызбен қомақты несие алған. Енді зауытты заманауи қондырғылармен жабдықтамақ.