Ақтаудағы жеке клиникада пациенттердің 60%-ына тегін қызмет көрсетіледі (ФОТО)
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) ауқымында Ақтау қаласындағы мемлекеттік емдеу орындары ғана емес, жеке клиникалар да қызмет көрсетеді. Мысалға «Нейрон» ЖШС көпбейінді клиникасы өткен жылы 60 пайыздан астам пациентке тегін қызмет көрсеткен. Биылғы жылы өзіндік рекорд орнатып, клиника 80 пайыздан астам сырқат адамдарға тегін қызмет көрсетті.