Қазақстан мен Сербия президенттері телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Сербия президенті Александр Вучичпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Александр Вучич Қасым-Жомарт Тоқаевты Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтап, Президент реформалары азаматтардың жоғары қолдауына ие болғанын атап өтті.
Мемлекет басшысы Сербия президентіне ризашылығын білдіріп, елімізде қолға алынған ішкі саяси өзгерістер жөнінде мәлімет берді.
Сонымен қатар Қазақстанның саяси жүйесіндегі ауқымды трансформацияның тарихи мәніне тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич қазақ-серб қарым-қатынасының қазіргі жай-күйін және даму перспективасын талқылады.
Тараптар екіжақты серіктестіктің орнықты динамикасына көңіл толатынын айтып, іскерлік байланыстарды нығайтуға және энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды ілгерілетуге мүдделі екендерін жеткізді.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауының сәтті өтуіне байланысты құттықтаған бес елдің басшыларына алғыс білдірді.
Тағы оқыңыз: Тоқаев Құрылтай сайлауына баға берді
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!