Израиль премьері Газаға жаңа соққылар жасайтынын айтып, сес көрсетті
Агенттік материалда премьер-министр кеңсесінің ақпаратын келтіреді.
Мәліметтерге сәйкес, жексенбі күні Нетаньяху мен қорғаныс министрі Исраэль Кац Газа секторынан Израильге қарай ұшқышсыз аппараттар, әуе шарлары мен батпырауықтардың ұшырылу қаупіне байланысты жағдайды бағалады. Талқылауға Израиль қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) Бас штаб бастығы, генерал-лейтенант Эяль Замир, Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшысы және ЦАХАЛ-дың жоғары лауазымды офицерлері қатысты.
"Израиль ХАМАС-қа ескертеді: егер Израиль бағытына ұшырулар дереу тоқтатылмаса, ЦАХАЛ бұған жауаптыларды жоюды күшейтеді және батпырауықтар, ұшқышсыз аппараттар мен әуе шарлары ұшырылған аудандардан халықты эвакуациялайды", - делінген кеңсе таратқан премьер-министр мен қорғаныс министрінің мәлімдемесінде.
Премьер-министр Биньямин Нетаньяху мен Қорғаныс министрі Исраэль Кац бүгін кешке Газа секторынан Израильге қарай ұшырылған дрондар, шарлар мен батпырауықтардың қаупіне қатысты жағдайды бағалады. Талқылауға Бас штаб бастығы, генерал-лейтенант Эяль...
— Израиль Премьер-министрі (@IsraeliPM) 23 тамыз, 2026 жыл
Өткен аптада ЦАХАЛ-дың баспасөз қызметі Газа секторымен шекаралас аймақтарда бірнеше батпырауық табылғанын хабарлаған болатын. Батпырауықтар палестиналық анклавтан ұшырылған. Бірақ әскерилердің айтуынша, олардан ешқандай күдікті зат табылмаған.
Бұған дейін Газада Израиль аумағына қарай жанып жатқан заттар бекітілген батпырауықтар мен шарлар ұшырылған еді.