Алматылықтар "Қытай экспансиясына" қарсы шыққан жаңаөзендіктерді қолдады
4 қыркүйекте отызға жуық адам Алматы қалалық әкімдігі алдына жиналып, Қазақстандағы Қытай жобаларына қарсы акция өткізген жаңаөзендіктерді қолдады. Олар елдің барған сайын Қытай өнімдеріне тәуелді болып бара жатқанын айтып, мемлекет тәуелсіздігіне алаңдап отырғанын жеткізді. "Өзіміз ештеңе өндірмейміз. Қыс бойы Қытайдың көкөністерін тұтынамыз. Ол өнімдердің қалай өсірілгені белгісіз. Неге өзіміз өндірмейміз? Неге бізде ауру-сырқау көп? Бұл сұрақтарға кім жауап береді?" деді акцияға келгендердің бірі. Читать дальше...