Әдебиетіміздің асқар шыңға шығуы ұлы Абайдың даналық болмысымен тығыз байланысты – Тоқаев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Төл әдебиетіміздің асқар шыңға шығуы ұлы ойшыл Абайдың даналық болмысымен тығыз байланысты. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Азия елдері қаламгерлерінің тұңғыш форумында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.