Төреғали Төреәлі үшінші рет қызды болды
Төреғали Төреәлі үшінші қызының дүниеге келгенін айтып, желі парақшасында көпшіліктен сүйінші сұрады деп хабарлайды NUR.KZ порталы. Желі қолданушылары әншіге ақ тілектерін жаудырып, жарыса пікір қалдыруда. Олар әншіге бақыт тіледі
Төреғали Төреәлі үшінші қызының дүниеге келгенін айтып, жұрттан сүйінші сұрады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
"Ассалаумағалейкум ардақты ағайын! Сүйінші! Алланың қалауымен үшінші қызды болдым! Әлxамдулилләh", - деп жазған әнші желі парақшасында.
Желі қолданушылары әншіге ақ тілектерін жаудырды.
"Бауы берік болсын", "Үш қызы бар кісінің көп қате-күнəлəрі кешіріледі дейді ғой. Бауы берік болсын, ырыс несібесі мол қыз болсын", "Қыз деген өмірдің жалғасы. Гүлдей құлпырып өсе берсін", "Жолың ашық болады, жұмақтан орын бар", - деп жазған пікір қалдырушылар.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Source: Kaz.nur.kz