Астанадағы байлардың қалыңдығы неке сыйлығына не сұрайды
![Астанадағы байлардың қалыңдығы неке сыйлығына не сұрайды](http://www.inform.kz/fotoarticles/20170201145105.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде некесі қиылған қалыңдықтардың көбі «мәһр» яғни, жұбайынан сыйлық ретінде гауһар тасты алтын жүзік пен сырға, ал, ерінің қалтасы қалың қыздар пәтер немесе көлік сұрайды екен. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб-имамы Қуат Ерғалиұлы айтып берді.