Бейсенбі күні ел аумағында тұрақсыз күн райы сақталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 ақпан күні ел аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауады. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысында жауын-шашын күтіледі. Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ болып, бұрқасынмен бірге желдің күшеюі күтіледі.