Әлемдегі ең кішкентай зымыран орбитаға жетпей құлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең кішкентай зымыран орбитаға жете алмай, теңізге құлап түсті. Диаметрі 50 сантиметр (ұзындығы 9,5 метр және салмағы 2,6 тонна) ерекше SS-520 зымыраны Жапонияның Кагосима префектурасындағы Утиномура ғарыш орталығынан ұшырылған, деп хабарлайды ресейлік Вести.ру.