Ермахан Ибрайымов: Универсиада Алматы тұрғындары үшін бай мұра қалдырмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қысқы универсиада алау эстафетасының Алматыдағы кезеңіне алау көтеруші ретінде қатысатын бокстан олимпиада чемпионы Ермахан Ибрайымов алда келе жатқан жарыстар оңтүстік астанаға қандай ықпалын жасайтындығы жөнінде өз ойларымен бөлісті.