Қазақстанда 16 аумақтық қорғаныс басқармалары құрылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларында 16 аумақтық қорғаныс бригадасының басқармалары құрылады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында мәлім болды.