Солтүстік Қазақстандағы су тасқыны салдарын жоюға қызылордалық құтқарушылар жұмылдырылды (ФОТО)
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының Булаево аймағындағы су тасқыны салдарын жою үшін Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ күштері мен құралдары жұмылдырылды. Бұл туралы ОТЖД баспасөз қызметі хабарлады.