Бүгін Нұр-Сұлтанда Халықаралық қар күні атап өтіледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық қар күні мерекесі бүгін, 19 қаңтарда сағат 12.00-де елордадағы Орталық саябақтың шаңғы-роллерлік трассасында өтеді. Іс-шара аясында 18 жасқа дейінгі балалар арасында шаңғы тебуден жарыс, сырғанақтар мен өзге де ойын-сауық түрлері ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.