Қыс мезгілінде жүрекке ерекше күтім қажет – кардиолог Михаил Телюк
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Қатты аяздың жылымыққа ұласуы, боран, құбылмалы ауа-райы – адам денсаулығына әсер етеді. Ал жүрек-қан тамырлары дерті барлардың мұндайда ауруы асқынып, жағдайы нашарлайды. Солтүстік Қазақстан облыстық кардиологиялық орталықтың қарқынды терапия блогының меңгерушісі, өңірдің штаттан тыс бас кардиологы Михаил Телюк ҚазАқпарат тілшісіне қыс мезгілінде жүректі қалыпты ұстауға байланысты бірнеше кеңесін берді.