Атыраулық кәсіпкер өндірген өнімдерін мұқтаж жандарға тегін таратты
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраулық кәсіпкер «Аман-Есен» шаруа қожалығының жетекшісі Мұрат Исағалиев тұрмысы төмен отбасылар, жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға 2,5 тонна қарбызды тегін таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.