Түркістан облысында «Жасыл ел» еңбек жасағында 500-ден астам жас жұмыс істеуде
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жазғы демалыс кезінде қосымша қаржы тауып, «Жасыл ел» еңбек жасағының қатарында жүрген жастар баршылық. Маусым айынан бастап қолға алынған шарада бүгінге дейін 500-ден астам студент еңбек етіп, аймақтағы түрлі нысандардың абаттандырылуына атсалысып келеді. Бұл туралы ҚазАқпарат облыс әкімлігінің ресми сайтына сілтеме жасап деп хабарлайды.