Девальвация туралы қауесеттер көбіне демалыс кезеңінде таралады - ҰБ
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі теңге девальвациясы үшін іргелік негіздемелерді көріп тұрған жоқ. Бұл туралы Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.