ОҚО-дағы Жетісай ауданында Елбасының жарлығына орай мәдени шара ұйымдастырылды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан обысында Мақтарал ауданы Атакент кентінде жаңа аудандардың құрылуына байланысты «Елбасының Жарлығы - өңірдің өркендеуі» атты салтанатты шара өтті. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен өткен шарада өңірдің тарихынан сыр шертетін театрландырылған қойылымдар сахналанып, концерттік бағдарламалар қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.