Талдықорғанда халықаралық стандартқа сай бассейн салынады
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда жақын арада жабық жүзу бассейні салына бастайды. Ол «Жастар» саябағына жалғаса, жаңа оңтүстік-батыс тұрғын аймағында орналаспақ. Бұл туралы жиын барысында облыс әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.