Елордада жастар мәселесіне қатысты 59 жоба жүзеге асырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері қалада жастар саясатына қатысты 59 жоба жүзеге асырылды. Оның 34 мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында орындалды, деді қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының жетекшісі Асхат Оралов мәслихаттың әлеуметтік-мәдени мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында.