Биыл «Нұрлы жол» аясында 4,4 мың шақырымды құрайтын 22 автожол жобасы жүзеге асырылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл «Нұрлы жол» аясында 4,4 мың шақырымды құрайтын 22 автожол жобасы жүзеге асырылады. Бұл туралы бүгін Үкіметте «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының 2017 жылдың I-жартыжылдығында іске асырылуының негізгі қорытындысын талқылау барысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат