15 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, кей жерлерде бұршақ жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады: жаңбыр жауып, найзағай болады; бұршақ жаууы мүмкін; кей жерлерде жел күшейеді; жекелеген аудандарда түнде және таңертең тұман күтіледі. Тек республиканың батыс және оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз.