Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады, кей жерлерде жауын жауып, жел күшейеді. Оңтүстікте ол шаңды дауылға ұласуы мүмкін, деп хабарлайды ҚР ІІМ-нің Төтенше жағдайлар қызметі.