Миллиардер Уоррен Баффетпен бірге түскі ас ішу құқы 2,6 млн долларға сатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та жылсайынғы қайырымдылық аукционында америкалық миллиардер Уоррен Баффетпен бірге түскі ас ішу құқы 2,6 миллион доллардан астам сомаға сатылды. Бәссауда жеңімпазының кім екендігі белгісіз, деп хабарлайды Associated Press.