Ақпан айында 2 мыңнан астам шетелдікке Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат берілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың ақпан айында, жергілікті атқарушы органдар тарапы, 476 жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тарту мақсатында 2 063 рұқсат беріп, олар 436,9 млн теңге көлемінде салық төлемін жасады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.