20 наурызда еліміздің көп бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың батыс, оңтүстік-шығыс, шығыс және оңтүстік аймақтарының кей жерлерінде жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман күтіліп, желдің күшеюі сақталады, оңтүстікте шаңды дауылмен, оңтүстік-шығыста кей жерлерінде көктайғақ болады, деп хабарлайды Қазгидромет.