Де Мистура Астаналық процестің бастамашыларына алғысын білдірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы елшісі Стаффан де Мистура Женевадағы келіссөздердің ашылуы барысында астаналық процесті және Сириядағы бітімді нығайтуға қолғабыс еткен Ресей, Иран, Қазақстан және Түркияның күш-жігерін жоғары бағалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап.