Талдықорғанда жұмыс іздеп кеткен 6 баланың анасы табылмай жатыр
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жақында Фейсбуктағы Талдыкорганец» парақшасында «Әке-шешенің қарауынсыз қалған балаларға көмек керек» деген хабар тарады. Осыған орай, мекенжайы мен байланыс нөмірі көрсетілген жерге Талдықорған қаласы әкімдігінің өкілдері барып, мәселенің мән-жайын анықтаған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.