Қазақстан құрамасы ММА бойынша Оңтүстік Кореядағы Азия чемпионатының финалына өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореядағы Хвасун (Hwasoon) қаласында ММА аралас жекпе-жектен ІІІ Азия чемпионаты өтуде. Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы 7 салмақ санатында өнер көрсетіп, іріктеу ұрыстарынан ойдағыдай өтті және толық құрамда Азия чемпионатының алтын медальдары үшін финалдық жекпе-жектерге шығады. Бұл туралы Қазақстанның ММА аралас жауынгерліу жекпе-жегі федерациясы хабарлады.