Біржан Жақыповты енді ширек финалда кім күтіп тұр?
РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. ҚазАқпарат - Бүгін Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында бокстан 49 келі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық боксшы Біржан Жақыпов алғашқы кездесуін сәтті бастады. Енді ол ширек финалда өзіне жақсы таныс өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовпен кездеседі.