Алматыда мемлекеттік балабақшаларда төлем 15 мың теңгеге дейін төмендетілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі мемлекеттік балабақшаларда төлемді 15 мың теңгеге дейін төмендетуді шешті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Алматы әкімі Бауыржан Байбек мәлім етті.