«Нұр Отан» партиясы жаһандық дағдарысқа қарсы өз жауабы бар екендігін халыққа көрсетті - Рахат Хамидуллин
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы жаһандық дағдарысқа қарсы өз жауабы бар екендігін халыққа көрсетті. Партияның сайлауалды бағдарламасы мемлекет пен қоғамның барлық саласын қамтығандығын сеніммен айта аламын. «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары республикалық штабының жетекшісі Рахат Хамидуллин осындай пікір білдірді.