Алматы және Жамбыл облыстары өзара ынтымақтастықты дамытуда
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Жетісу жеріне Жамбыл облысының әкімі бастаған бір топ делегация келді. Бірінші кезекте жамбылдықтар Көксу ауданындағы «Алим-Таяр» шаруа қожалығының қант қызылшасы алқабына ат басын бұрды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.