Шымкентте көлік кептелісін азайтатын аспалы көпірдің құрылысы басталды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте көлік кептелісін азайтатын аспалы көпірдің құрылысы басталды. Темірлан тас жолы мен Ахунбабаев көшесінің қиысылында ірі жол айрығы салынуда. Осыған орай шаһар билігі уақытша жабылған жолдарды айналып өту бейне сызбасын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.