Базарлардың дәурені өтіп барады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаздың ортасы болса да, азық-түлік бағасы, соның ішінде көкөністің құны түсетін емес. Әсіресе, картоп, сәбіз, пияз сияқты әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы арзандамай жатыр, керісінше, қымбаттап кетті. Үкімет те аталған мәселені жақсы біледі. Алайда бағаны ұстап тұруға қажетті шараларды толығымен іске асыра алмай отыр. Себебі министрліктер деңгейінде оңтайлы шешімдер қабылданса да, жергілікті жерде соның барлығын ойдағыдай жүзеге асыру оңай емес. Екі жақты да тыңдап көрсең, әрбіреуінің өз шындығы бар. Сөйтіп, «ары тартса арба сынады, бері тартса өгіз өлетін» тәрізді. Дегенмен, азық-түлік бағасын бірқалыпты ұстаудың жолдары бар. Соның бірі базарлардың санын азайтуы әбден мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.