Оралда мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері жол апатына ұшырады
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 13 шілде күні шамамен сағат 14.50-де уақытша жұмыс жасамайтын, Ақсай қаласында тұратын 1991 жылғы Р. деген жүргізуші «Форд Фокус» автокөлігімен Оралда Алмазов пен Меңдәлиев көшелерінің қиылысында БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде аға офицер болып қызмет ететін 1985 жылғы К. айдап келе жатқан «Шкода Рапид» автокөлігіне жол бермей, соқтығысқан, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.