Ресейдің Саратов облысында Наурыз мерекесі тойланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Саратов облысындағы Красный Кут қаласында тойланған Наурыз мейрамына Приволжск федеральдық округіндегі барлық облыстар мен аудандардан сонымен қатар Батыс Қазақстан және Атырау облысынан 7 мыңға жуық адам жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның РФ-дағы елшілігінің сайтына сілтеме жасап.